Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

9 баласы бар әке 84 млн теңге беріп екінші некесінен 21 бала тудырды

08:48, 20 қараша 2024 1174

Кристина Озтүрк (Гагаркина) Ресейде туып-өскен. Кейін Грузияда 56 жастағы түрік миллионері Галип Озтүркпен танысқан. Олар Батуми қаласына қоныстанып, 2020-2021 жылдары репродуктивті медицина клиникасында суррогат аналардың көмегімен балаларын дүниеге әкелуге 160 мың еуро (84 млн теңге) инвестиция салғанын Alash.kz ұлттық порталы немістің BILD басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Нәтижесінде 21 бала дүниеге келді: Мұстафа, Марьям, Айрин, Алиса, Хасан, Джуди, Харпер, Тереза, Хусейн, Анна, Изабелла, Исмаил, Мехмет, Ахмет, Али, Кристина, Ална, Сара, Локман, Альпарслан және Оливия.

Сондай-ақ, Кристинаның алдыңғы қарым-қатынасынан туған 10 жасар Виктория есімді қызы бар. 

Ал Галиптың бұрынғы некесінен тоғыз баласы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар