Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«81 адам құтқарылды. Арасында 27 бала бар»: Түркістан облысында төтенше жағдай орын алды

10:28, 02 мамыр 2026

Түркістан облысында тасқын судан 80-нен астам адам құтқарылды, деп жазады Alash.kz.

Төле би ауданындағы Ақмешіт өзенінің деңгейі көтеріліп, маңайдағы туристік аймақтарды су басты. Нөсер жауынның салдарынан болған табиғи құбылыс инфрақұрылымға зақым келтіріп, демалушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқару қызметкерлері зардап шеккен аймақтан 81 адамды қауіпсіз жерге көшірді.

Табиғи апат кезінде демалыс орны мен пикник аумағын байланыстырып тұрған екі уақытша көпірді су ағыны шайып кеткен. Сонымен қатар Екпінді ауылының маңындағы өткел де зақымдалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Екпінді ауылынан 11 адамды, ал демалыс аймағынан 70 адамды эвакуациялады. Құтқарылғандардың арасында 27 бала бар.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан жарақат алғандар жоқ және ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта «Қазселденқорғау» мекемесі мен полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері апат аймағында жұмысын жалғастырып жатыр. Мамандар өзендегі су деңгейін бақылауда ұстап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар