Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

8 мамыр — АҚШ фашизмді жеңген тарихи күн

00:07, 07 мамыр 2025 235

Мен үшін Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді күйрете жеңген негізгі күш — бұл Америка Құрама Штаттары (U.S. АҚШ) деп есептеймін. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған, адамзат тарихындағы ең зұлмат соғысты тоқтатуда Америка шешуші рөл атқарды.

1941 жылы қабылданған "Ленд-лиз" бағдарламасы арқылы АҚШ өз одақтастарына, соның ішінде Кеңес Одағына, Ұлыбританияға және басқа елдерге жүздеген мың тонна әскери техника, азық-түлік пен қару-жарақ жеткізді. Бұл көмек нацистік Германияның шабуылына төтеп беріп, қарсы соққы беруге айтарлықтай үлес қосты. Сонымен қатар, АҚШ әскері Тынық мұхитында, Солтүстік Африкада, Италияда, Нормандияда және басқа майдандарда ерлікпен шайқасты.

Фашизм мен тоталитарлық идеологияларға қарсы күресте Америка халқының ерлігі мен бірлігі — демократия мен бостандықтың символына айналды.

Президент Дональд Трамп та өз қызметі кезінде Америка Құрама Штаттарының ұлттық мүддесін, тарихи шындық пен әділдікті қорғау жолында батыл мәлімдемелер жасады. Ол АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісін мақтанышпен атап, америкалық сарбаздардың ерлігін әлем алдында қорғап шықты. Дональд Трамп – АҚШ-тың әлемдік аренадағы беделін қайта нығайтқан, өз халқына адал және отансүйгіш көшбасшы.

Сондықтан да мен 8 мамырда фашизмге қарсы тарихи жеңіске жеткен ел ретінде АҚШ-ты ресми түрде мектеп оқулықтарына енгізуді, Гитлерлік режимді талқандаған шешуші күш ретінде көрсетуімізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен өтініп сұраймын.

8 мамыр — АҚШ фашизмді жеңген тарихи күн!
8 мая — день, когда США одержали историческую победу над фашизмом!
May 8 — the day the USA achieved a historic victory over fascism!

"Демос" қоғамдық бірлестігінің басшысы 
Тұрарбек Құсайынұлы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар