Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"8 жылға сотталды". Алматыда автобус жүргізушісін ұрған адамға үкім шықты

17:46, 26 сәуір 2024 472

Алматыда 3 адамның өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот отырысы өтті. Сот үкімімен автобус жүргізушісін ұрған ер адам 8 жылға сотталды.

"Күдікті Дархан Ахмеджанов ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен, 351-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын.

ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 2-бөлігіне сәйкес Дархан Ахмеджановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде тағайындалсын", - деді судья.

Ал жәбірленушілердің талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды. Жәбірленуші Құсайынованың пайдасына 6 миллион 397 мың теңге материалдық шығын, 5 миллион теңге моральдық шығын, жәбірленуші Байдуәлиевтің пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын өндіріледі. 

Сот жүргізуші Ермек Шөкебаеваны жәбірленуші деп таныды. Шөкебаева мен "Думан Транс" ЖШС-ден моральдық өтемақы өндіру туралы талап қанағаттандырылмады.

Еске салайық, 2023 жылғы желтоқсанда Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Салдарынан 3 адам мерт болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар