75 жастағы Валентина ұлына метадон қосылған зефир жасап, түрмеге жібермек болған. Оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Alash.kz.
SHOT басылымының мәліметінше, Тверь облысының тұрғыны, 75 жастағы Валентина есірткі сақтағаны үшін сотталған 45 жастағы ұлын қуантуға шешім қабылдап, оған «арнайы» зефирлер дайындаған.
Алайда түрме бақылау бекетінде әжей ұсталды – оның тәттілерінің ішінен шамамен 200 грамм метадон табылды.
Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
75 жастағы Валентина ұлына метадон қосылған зефир жасап, түрмеге жібермек болған. Оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.