6 жігіттің зорлығына тап болған мүгедек жігіт жайлы тың дерек шықты, ол оқиғаны түсіндіріп берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Мadeniportal.kz порталының хабарлауынша, 23 жастағы Нұрлан Түркістан облысының азаматы. Екінші топтағы мүгедек. Ол соңғы зорлық қай жерде, кімнің үйінде болғанын, мән-жайды Руслан Өтепбайға көрсетіп, айтып берген.
Нұрланның айтуынша, оқиға ол үйде өзі жалғыз кезде болған. Анасы ол кезде кінәлінің үйіне кетіп қалған екен. Күдікті Нұрланның үйде жалғыз екенін біліп келген.