Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

55 секундта 12 соққы: Лифтіде әйелін ұрған ер адамды ешкім тоқтатпаған

16:38, 17 мамыр 2024 480

Лифтіге кірер кезде бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

НеМолчи қоғамдық қоры желіде таратқан видеодан ер адамның әйелді соңынан қуып келіп, ұрып-соғып, тепкілегенін байқауға болады. Сол сәтте лифт күтіп тұрған екі жігіт жағдайды жай ғана бақылап, әйелге көмек қолын созбады.

НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әйелді ұрып жатқанда араша түспеген екі жігіттің әрекетіне таңданысын білдірді.  

"Бір ер адам әйелді ұрады. Екеуі жай ғана қарап тұрады. Бұл жағдайға тағы қандай түсініктеме бере аламын? Бәрін өздеріңіз көріп отырсыздар. Негізі әйел бұл еркекпен ажырасқан, алайда ол оны ұстап алып, ұрып-соғады. Кадрлардан оны тоқтатқан бірде бір адамды көрмедік. Жай ғана ер адамның қолын ұстап, артқа қайырғандай сыңай танытқаннан басқа ештеңе істемеді. “Екі жігіт бұл іске қорыққанынан араласпады” деп ақтамаңыздар. Бұл – жай ғана олардың күнделікті көріп жүрген көрінісі. Бұл адамдар лифтте талай зорлық-зомбылыққа куә болған. Дені сау адам мұндай әрекетті көргенде көмекке асығады. Тек біздікілер емес", – деп жазды Дина Таңсәрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар