Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«51-ші штат»: Дональд Трамп Венесуэланы АҚШ құрамына қосуды ұсынды

09:33, 28 қазан 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп Венесуэланы Америка Құрама Штаттарының құрамына 51-ші штат ретінде қосуды ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақ үй басшысы бұл бастамасын ашық айтып, елдегі басқару жүйесін де өзгертуді меңзеді. Осы орайда Дональд Трамп өз сөзінде төмендегідей мәлімдеме жасады:

«Мүмкін, бір күндері, жақында ол гүлденген 51-ші штатқа айналар. Бұл мүмкін нәрсе. Келіңіздер, осылай жасайық. Оны 51-ші штат етейік және президенттің орнына губернатор сайлауын өткізейік. Мұндай ұсынысқа қалай қарайсыздар?».

Айта кетейік, мамыр айында да американдық лидер Венесуэланы 51-ші америкалық штат ету мүмкіндігін терең зерттеп, оң көзбен қарастырып жатқанын жеткізген болатын. Ол бұл ерекше қызығушылығын аталған мемлекеттегі айтарлықтай мол мұнай қорының болуымен түсіндірген еді.

Алайда Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес сол кезде бұл идеяны кесіп айтып кері қайтарды. Ол өз елінің мемлекеттік тәуелсіздігін соңына дейін қорғауға толықтай ниетті екенін ресми түрде мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар