Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан экс-күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
"Жетінші арнаға" берген сұхбатында өнер иесі шетелден оралған тұңғыш қызы Әдеміні экс-жолдасымен бірге күтіп алғанын айтты.
Мөлдір Мұқан қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлді Тұрсынбек Қабатов беріп жібергенін атап өтті.
"Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам, айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті бір жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Тек қана амандастық, болды. Сәлеміміз түзу", - деді Мөлдір Мұқан.