Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қан тоқтаусыз аққанша соқты". Жетісу облысында көрші әйелді 40 рет күрекпен ұрған ер адамға қатысты сұмдық дерек шықты

17:00, 11 сәуір 2026

Жетісу облысында ер адам көрші әйелге аса қатыгездікпен шабуыл жасаған. Бұл туралы Alash.KZ хабарлады.

Оқиға Суықсай ауылында болған. Мәліметке сәйкес, ішімдік ішкен 49 жастағы ер адам көршісінің балаларына ауыр сөз айтып, бала-шағасын қорғауға шыққан 41 жастағы әйелге тап берген. Ашуға булыққан күдікті оны күрекпен бірнеше рет ұрып, ауыр жарақат салған.

Жәбірленуші Юлия Шарафутдинованың айтуынша, ол жерге құлағаннан кейін де соққы тоқтамаған.
«Бірнеше рет ұрған соң құлап қалдым. Содан кейін қайта-қайта ұра берді. Басымнан қан тоқтаусыз аққанша соқты», – дейді ол.

Оқиғаны көрген куәгер де күдіктіні тоқтатуға тырысқанын, алайда оның ашулы күйде болғанын айтады.

Тұрғындардың сөзінше, күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол 2012 жылы зорлау бабымен сотталған.

Қазіргі таңда полиция «қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Полиция өкілдері істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал жәбірленуші дәрігерлердің бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар