Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева жан сырын ақтарып, сахнадан не себепті көрінбей кеткенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі қазір бар уақытын отбасына арнап жүргенін айтты.
«Кәрі қыз бала тапқан кезде, өзін қоярға жер таппайды» дейтін бе еді, сондай сөз бар еді ғой. Осы сөз мен туралы. Негізі көбі қате түсінікте. «Күйеуі қатал, шығармай жүр» деп ойлайды. Мен келін болар уақытта психологияға бет бұра бастадым. Қазіргі уақытта мен біреудің әйелімін, анасымын, келінімін», – деді Кәмшат Жолдыбаева НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.