Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шашылып той жасаймын деп 6,3 млн теңге несие алған". Павлодарлық сот мол несие алған әйелге қатысты дерек айтты

09:43, 11 сәуір 2026

Павлодарда бірнеше банктен несие алып, оны өтей алмаған әйел сот шешімімен банкрот деп танылды. Бұл туралы Alash.KZ. хабарлады.

Іс Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында қаралған. Әйел 2019 жылы жалпы сомасы 6,3 миллион теңгеден асатын несие рәсімдеген. Бастапқыда қарызын уақытында төлеп келгенімен, кейін қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты міндеттемелерін орындай алмаған.

Сот мәліметіне сәйкес, оның берешегі 6 344 644 теңгені құраған. Тұрақты табыс көзі жоқ, сондай-ақ екі кәмелетке толмаған баланы асырап отыр.

Сот өкілдері қарыз көлемі заңда белгіленген 1600 айлық есептік көрсеткіштен асатынын және бірнеше кредитор алдындағы міндеттемелердің 12 айдан астам уақыт бойы орындалмағанын атап өтті.

Алғашқы сот инстанциясы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда әйел апелляциялық шағым түсірген.

Апелляциялық сот істі қайта қарап, қаржылық басқарушының қорытындысын негізсіз деп таныды. Сондай-ақ қарыз сомасының дұрыс есептелмегенін және борышкердің әдейі заңсыз әрекет жасағаны дәлелденбегенін көрсетті.

Сот әйелдің қаржылық қиындықтары объективті себептермен туындағанын ескеріп, жұмыссыздық банкроттық рәсімінен бас тартуға негіз бола алмайтынын атап өтті.

Нәтижесінде сот алқасы бірінші инстанция шешімін жойып, әйелді банкрот деп тану туралы жаңа шешім шығарды. Бұл шешім заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар