Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәтбаев қаласындағы дәрігерлер жұмыс орнында ішімдік ішіп, "ащы су кешін" ұйымдастырған

15:00, 11 сәуір 2026

Сәтбаев қаласындағы ауруханада медицина қызметкерлерінің жұмыс орнында ішімдік ішіп, бас қосқан сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, деп жазды Alash.KZ.

Кадрларда кезекші дәрігердің мас күйде жүргені байқалған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, тексеріс басталуына себеп болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған іс-шараға аурухана әкімшілігі рұқсат бермеген және болған оқиға туралы уақтылы хабарланбаған.

Тексеру қорытындысы бойынша кезекші дәрігер жұмыстан босатылды. Сонымен қатар директордың орынбасарына және екі медбикеге қатаң сөгіс жарияланды. Ал мекеме басшысына қатысты шешім кейінге қалдырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар