Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Баянның бойында ерекше қазақы рух бар". Блогер елді елең еткізіп, Баян Алагөзоваға Алматының қақ төрінен ескерткіш қоюды ұсынды

17:14, 11 сәуір 2026

Қазақстандық блогер Ербол Мандибек продюсер Баян Алагөзоваға Алматы қаласының орталығынан ескерткіш қоюды ұсынды, деп жазды Alash.KZ.

Оның айтуынша, дәл осы Баян Алагөзова жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовты игі істерге шабыттандырған. Блогердің пікірінше, кәсіпкердің қазақстандықтарға 100 пәтер сыйлау бастамасына да Баянның ықпалы болған.

Сондай-ақ ол отбасының жетім-жесірлерге үнсіз көмектесіп жүргенін атап өткен.

«Баянның бойындағы қазақы рух – ерекше. Ол жолдасын түбегейлі өзгертті», – деп жазды Ербол Мандибек.

Жазба соңында блогер Баян Алагөзованы қазақ әйелінің символы ретінде бағалап, егер бүгін ескерткіш қойылмаса, мұны келешек ұрпақ жүзеге асыратынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар