Алматы қалалық Полиция департаменті өзін діни «ұстаз» ретінде таныстырып жүрген Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Alash.KZ хабарлады.
Мәліметке сәйкес, ол Instagram желісінде жариялаған видеосында азаматтарды «сиырларға» теңеп, олардың ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Осы дерекке байланысты полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша хаттама толтырды.
Сот шешімімен Нұржан Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 108 125 теңгені құрады.
Құқық қорғау органдары азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау қажеттігін ескертіп, заң талаптарын сақтау әркімнің міндеті екенін атап өтті.