Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өсек айтқан мұғалім, білімсіз оқушы". Белгілі заңгер мектептегі сорақы жағдайды айтып, дабыл қақты

14:22, 11 сәуір 2026

Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде болған жағдайға қатысты сын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады деп хабарлайды Alash.KZ.

Желіде тараған бейнежазбада оқушылардың сабақ кезінде карта ойнап отырғаны көрінеді. Осы жайтқа байланысты Айгүл Орынбек білім беру жүйесіндегі жауапкершілік мәселесін көтерді.

Ол мұғалімдердің кәсіби деңгейін тұрақты түрде бақылау қажеттігін атап өтіп, мұндай жағдайлар тәрбиенің әлсіреуіне әкелетінін айтты. Сонымен қатар қоғамдағы жемқорлықтың да түп-тамыры білім мен тәрбие сапасына байланысты екенін жеткізді.

Заңгердің сөзінше, бұл мәселені екі жыл бұрын да көтерген, алайда сол кезде берілген уәделер орындалмаған.

Сондай-ақ ол жергілікті билік өкілдерінің бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмей отырғанын сынға алып, жағдайды тиісті органдардың назарына ұсынды.

Айгүл Орынбек білім беру саласындағы мұндай олқылықтарға бейжай қарауға болмайтынын айтып, қоғамды белсенді болуға шақырды.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар