Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген

19:40, 10 сәуір 2026
 

Әділет вице-министрі ОКҚ-дағы брифингте қазақстандық әртістер музыка пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесінің бұлыңғыр тұстарына қатысты 30 млрд теңгеге дейін табысынан қағылғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.     

Бекболат Молдабеков бұл мәселені шешу үшін «Казкопирайт» ақпараттық жүйесі іске қосылғанын айтты. Дегенмен авторлық төлемдер жазда басталады.

«Енді әртістер мен продюсерлер өз әндерінің теледидар мен радиода қанша рет тыңдалғанын мобильді қосымша арқылы бақылай алады. Жүйе 2026 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады, алғашқы төлемдер маусым–шілде айларында түсе бастайды деп күтілуде» ,— деді ол. 

Келесі жылы жүйені кеңейту жоспарланып отыр екен,  теледидар мен радиодан бөлек, бұған барлар, караоке және мейрамханалар да қосылады. Әннің әрбір орындалуы үшін монетизация жүргізілетін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар