Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды

17:43, 10 сәуір 2026

Жетісу облысында қыз бұрынғы жігітімен жанжалдасып, оны бопсалауға көшкен, деп хабарлайды Alash.KZ.

Полиция мәліметінше, жастар шамамен 4 ай кездескен. Екеуі айырылысқан соң,  қыз жігіттің өзіне сеніп айтқан сырын жарияға жар саламын деп қорқытқан. 

Ол 25 млн теңге талап етіп, бермесе бұл мәліметтерді әлеуметтік желіге жариялайтынын айтқан.

Жігіт мұндай ақшасы жоқ екенін айтқанымен, қыз бой бермей, бопсалауын жалғастырған. Жігіт 200 мың теңге аударып, кейін полицияға жүгінген. Қазір бұл іс аса ірі көлемдегі бопсалау бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар