Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ақбаянды туыстары көрді?». Белгілі журналист Атыраудағы іске қатысты күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың жазба жариялады

11:00, 11 сәуір 2026

Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде «Атырауда жоғалған отбасы» ісіне қатысты күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиева жөнінде мәлімет берді деп хабарлайды Alash.KZ.

Журналистің жазуынша, оқырмандар тарапынан «Ақбаянды туыстары көрді ме, не дейді?» деген сауалдар жиі қойылған. Алайда оның туыстары әзірге онымен жүздесе алмаған.

Бұл тергеу құпиясына байланысты — құзырлы органдар кездесуге рұқсат бермеген. Сондай-ақ марқұм отбасының жақындары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарын іздеп барғанымен, заң талаптарына сәйкес олармен де кездесу мүмкін болмаған.

Қазіргі таңда Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын ғылыми-зерттеу орталығында ем қабылдап жатыр.

Журналистің айтуынша, бұл іске қатысты көп жайт әзірге жария етілмейді. Тергеу амалдары жалғасуда, ал толық ақпарат сот барысында белгілі болмақ.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар