Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірі өліп, бірі мүгедек болды»: Талғар соты жүргізушіні 2,6 жылға ғана бас бостандығынан айырған

20:37, 10 сәуір 2026

Былтыр 29 қазанда Қанат Ахметов пен Зайыр Әлиев жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда көлік соқты деп хабарлайды Alash.kz . 39 жастағы Қанат сол жерде қайтыс болып, 28 жастағы Зайыр ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне түсті.

8 сәуірде Талғар аудандық соты үкім шығарды.

21 жастағы жүргізуші басқа көлікке апаттық жағдай тудырып, солардан қорқып қашып келе жатыпты. Көліктің жылдамдығы шамамен сағатына 130 шақырым болған.

"Қанат Ахметовтің денесі төрт жерден бөлініп кеткен, сау жері жоқ. Менің інім Зайыр бірнеше метр жерге ұшып кеткен», - дейді Зайырдың ағасы Тайыр Әлиев.


Қазір Зайырдың халі мүшкіл, есте сақтау қабілеті жоқ. Сөздерді дұрыс айта алмайды.

"Даладағы қызғалдақты жұлса де 13 млн теңге айыппұл салады. Бұл жерде бір адам өліп, екінші адам төсекке таңылды. Сотталушы әділ жазасын алсын", - дейді жәбірленуші тарап.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар