Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"48 қап адам сүйегі табылды" - Жер астынан шыққан сұмдық туралы тың ақпарат шықты

17:38, 24 қазан 2025 1032

Мексиканың Халиско штатында полицейлер адам сүйектері салынған 48 қапты тапты, деп хабарлайды Аlash.kz. 

Жоғалған адамдар істері жөніндегі арнайы прокуратураның басшысы Бланка Трухильоның айтуынша, табылған қалдықтар толық зерттеліп болған жоқ. Тергеу жалғасуда, алдағы уақытта тағы да жаңа сүйек фрагменттері табылуы мүмкін. Қазір сарапшылар бұл қалдықтардың нақты қанша адамға тиесілі екенін анықтап жатыр.

Tribuna de México басылымының мәліметінше, қазба жұмыстары арнайы техника көмегімен жүргізілуде. Жерлеу орны қыркүйек айының соңында белгілі болған. Ол Сапопан қаласындағы Гуадалупе Виктория даңғылы мен Висенте Герреро көшесінің қиылысында орналасқан.

Мұндай оқиғалар Мексикада жиілеп кеткен. Бұл елдегі қылмыстық топтардың күшеюімен және адам ұрлау фактілерінің көбеюімен тікелей байланысты. Ресми мәлімет бойынша, тек Халиско штатында 15 900-ден астам адам із-түзсіз жоғалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар