Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4,5 мың үй су астында қалды

13:42, 07 сәуір 2024 335

ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Орталық коммуникациялар алаңында өткізген баспасөз мәслихаты барысында су тасқынына байланысты жаңартылған ақпаратты жариялады.

Құтқару операциясы өте қиын жағдайда өтті

– Қазір Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйін, әртүрлі мақсаттағы 79 нысанды су басып қалды. Қазіргі уақытта жалпы күштердің көмегімен 63 927 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олардың ішінде 45 адам мүгедектігі бар адамдар. 15 283-і бала. Уақытша орналастыру орындарында 13 328 адам бар. Оның ішінде 6 742 бала бар. Аталған адамдардың бәрі де тұрмысқа қажетті заттармен қамтылған. Психологтар жұмыс істеп жатыр, – дейді Қаһарман Оразалин.

Сонымен қатар, қауіпсіз жерге 10 608 бас малды айдап апарған.

– Біздің ұшқыштарымыздың, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан күштерінің арқасында 2607 адам құтқарылды. Оның ішінде 760 бала. Тәулігіне 243 адам құтқарылды. Құтқару операциясы өте қиын жағдайда өтті. Адамдарды үйлердің төбесінен эвакуациялау қажет болды, – дейді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлаған болатын. 

Құлсарыда мыңдаған үйді су алып кетті.

Бас прокуратура бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар тасқын салдарын жою және азайту жөніндегі шаралар қабылдап жатқанын, сотқа дейінгі 4 тергеу-тексеру амалдары басталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар