Қазақстандағы орташа жалақы құны айтылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы соңғы ақпаратты жариялады.
4-тоқсанда қызметкерлердің нақты саны – 3,8 млн адам. Оларға үш айда 4,9 трлн теңге төленді.
2024 жылғы IV тоқсанда медианалық жалақы – 308 717 теңге, ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда атаулы жалақы – 434 982 теңге. 2023 жылға қарағанда өсім 10,5%, нақты мәнде – 1,8% өсті.
4-тоқсанда жалақы жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен көбейеді.