Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“4000 бункерлі ғимарат, АҚШ-тан 780 млн долларлық қару-жарақ” - Польша Ресеймен қақтығысқа бес қаруын сайлап отыр

19:27, 19 қыркүйек 2025 464

Польша Ресеймен ықтимал қақтығысқа дайындық жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ. 
Варшава билігі 4000 бункерлі ғимаратын тексеруден өткізіп, оның ішінде 1200-ін қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін анықтады. Қалған бункерлерді жаңғырту жоспарланып отыр. 2025-2026 жылдары барлық бункерлер модернизациядан өтеді, сондай-ақ қосымша жаңа бункерлер салынатын болады. Бұл шаралар елдің азаматтарын қорғаныс инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, Польша қарулы күштерін заманауи қарумен нығайтуда. АҚШ Польшаға танкке қарсы Javelin жүйелерін жеткізуді жоспарлап отыр. Келісім аясында Польшаға жалпы 253 Javelin жүйесі мен 2506 зымыран беріледі. Бұл келісімнің құны 780 миллион долларды құрайды. Мамандардың айтуынша, Javelin жүйелері Польша қарулы күштерінің қорғаныс қабілетін айтарлықтай арттырады және Ресеймен ықтимал әскери қақтығыста маңызды рөл атқарады.

Польшадағы бункерлерді жаңғырту және заманауи қару-жарақ жеткізу елдің қорғаныс жүйесін күшейтуге бағытталған стратегиялық қадам болып табылады. Ел билігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әскери дайындықты бір мезгілде дамытуға күш салып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар