Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"40 оқушы жарылған ғимарат астында қалып қаза тапты". Жарылыстан кейін қирап қалған мектеп видеосы жарияланды (ВИДЕО)

19:19, 28 ақпан 2026

28 ақпан күні Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісті. Израиль Иран аумағына соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді. Осыдан кейін Тегеран қаласында жарылыстар естіліп, тұрғындар арасында дүрбелең басталғаны хабарланды (Malim.kz).

ISNA агенттігінің мәліметінше, соққы Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке тиген. Алдын ала ақпарат бойынша, 36 оқушы қаза тапқан. Мектеп ғимараты толық қирап, үйінді астында тағы да балалар болуы мүмкін екені айтылды. Жақын маңдағы аурухана ішінара зақымданған.

Сонымен қатар АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаны жөнінде ақпарат тарады. Соққылар Иранның ірі қалаларына, оның ішінде Тегеран бағыталғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта жағдайға қатысты ресми деректер нақтыланып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар