Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

40 жанды байғұс-ай: ШҚО-да әйелдің жатырынан доптан да үлкен жара табылып, дәрігерлерді шошытты

18:59, 05 наурыз 2025 573

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының білікті дәрігерлері 48 жастағы әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді.

48 жастағы әйелдің жатыр ішінен дәрігерлер доптан да үлкен жараны көрген. Барлық дәрігерлер бұндай жағдайдан шошып, қорқып кеткен.

«Әйелдің жасын және жатырдың патологиялық өзгерістерін ескере отырып, дәрігерлер миоманы жатырмен бірге алып тастады. Операция кезінде қан кетуі қауіпі болса да, дәрігерлер операцияны сәтті өткізген», - деп жазады аурухана.

Бес жыл бұрын келіншек гинеколог маманға барып қаралған. Алайда әрі қарай ем-домын жалғастырмаған. Етеккірі ұзақ уақыт келгеннен кейін, күдігінен қорқып, қаралған.

«Миома дегеніміз – бұл маткадағы қатерсіз жара. Көбіне оның нақты бір белгілері болмайды, бірақ уақыт өте келе әйелдің жатыры ауырып, етеккірі тоқтамайды. Осылайша, әйел анемияға ұшырайды. Үлкен миомалар әйелдің басқа органдарын басып тастайды. Егер әйел ертерек ауруханаға келсе, миоманы операциясыз, ал, уақыт өткізіп алса, операция арқылы емдейді», - дейді акушер-гинеколог Олжас Рахымжанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар