Полиция қылмыстық іс қозғап, жанжалға қатысушылар мен олардың ата-аналарын бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
Жасөспірімдер есепке қойылады. Бұл туралы CMN.KZ тілшісіне Абай облысында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берілді.
“Олардың әрекеттерін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмегені үшін қатаң жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, білім беру мекемесінің әкімшілігіне аталған оқиғаға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізіледі”, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда оқиға себептерін тергеу Абай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Еске сала кетсек, Семейде жасөспірімдер төртінші сынып оқушысын қатыгездікпен ұрып, қорлады.
Жасөспірімдер баланы жабылып ұрып-соғып, кейін оны қорлап, нәжісті ұстауға және тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген.
Бұл оқиғаға Абай облысының білім басқармасы түсініктеме берді.