Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4 жасар баланы зорлап, кейін өлтірген ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды

16:16, 18 шілде 2024 561

Абай облысының соты 4 жастағы балаға зорлық сипаттарын көрсетіп, артынша өлтірген ісі бойынша ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер (ҚК 124-бабы 2-бөлігі), азаптау (ҚК 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы), өлтіру (ҚК 99-бабы 3-бөлігі) бойынша, ал оның жұбайын - баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісті орындамау, абайсызда өлімге әкелгені үшін (ҚК 141-бабы 2-бөлігі) соттады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот 38 жастағы ер адамның алкогольді мас күйінде, киімсіз күйде кәмелетке толмаған балалардың қасында болғанын және 9 жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер жасағанын анықтады.

Сонымен қатар, әйелі күтуші ретінде алған 4 жасар баланы физикалық және моральдық тұрғыдан азаптаған.

Баланың ер адамның үйінде болған барлық 4 айында оған жеккөрушілік қатынас көрсетілген.

Сот айыпталушыны кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер, азаптау және кәмелетке толмаған баланы өлтіру бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Оның жұбайы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісті орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды және 3 жылға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар