Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

31 баласы бар уағызшы Дарын Мубаров: Қыздарымды тоқалдыққа беремін (ВИДЕО)

16:59, 15 тамыз 2024 1992

Танымал уағызшы Дарын Мубаров қыздарын тоқалдыққа беруге қарсы еместігін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы уағызшы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.

”Қыздарым өз еркімен екінші әйел болып тұрмысқа шығамын десе, рұқсат беремін. Себебі, бұл жердегі басты сұрақ кімге шығайын деп жатыр? Егер аманат дегенді біліп тұрса болды. Мен қыздарымды берген құдаларым өзім танитын адамдар. Бейтаныс жерге қыз бере қоймаймыз. Кеңес үкіметінде біраз уақыт өмір сүргеннен кейін біздің қазіргі түсінігімізде көп әйел алу жабайылық болып қалған шығар, бірақ тарихқа үңілсек Бәйдібек атамыз бір әйелмен шектелсе, қазақтың іргесі кеңейе қояр ма еді?! Сондықтан Бәйдібектей тақуа болса, ешқандай қарсылығым жоқ. Көбіне жас қыздар екінші болып шыға қоймайды ғой. Жас қызды бойдақтар сұрап келеді”, — дейді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар