Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан билігі қарақалпақ белсендісін қудалап жатыр

06:15, 09 ақпан 2024 309
Венада орналасқан «Евразия үшін еркіндік» құқық қорғау ұйымы қарақалпақ белсендісі Наурызбай Меңлібаевтың әйелі, бір жасар баласымен бірге Варшава әуежайындағы изоляторға жатқызылғанын мәлімдеді. Олар кем дегенде 12 сағат тамақ пен сусыз қалған.

Құқық қорғау ұйымының айтуынша, Меңлібаевты Өзбекстан билігі қудалауда. Жақында оның Австриядан баспана сұраған өтініші қабылданбады. 8 ақпанда ол отбасымен бірге «жолда қатыгездікке ұшырау қаупіне» қарамастан, Польшаға рейспен жіберілді.
«Отбасы 2024 жылдың 8 ақпанында таңғы сағат 5-тен бері жол жүрді және Варшава Шопен әуежайына 2024 жылдың 8 ақпанында шамамен таңғы сағат 9-да Венадан рейспен келді. Оларды камераға қамап, кем дегенде 12 сағат тамақ пен су бермеген. Бала әлі емшек сүтімен қоректенеді, бірақ анасы тамақсыз, сусыз қалғандықтан, оның баланы емізетін сүті жоқ. Нәресте үшін арнайы тамақ жоқ, ал баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төнеді», - делінген «Евразия үшін еркіндік» мәлімдемесінде.

Фото: Петр Троценко
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар