Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«3:0»: Алматылық «Қайрат» клубы бельгиялық ұжымнан ірі есеппен жеңілді

09:25, 21 тамыз 2026

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Еyропа лигасының плей-офф кезеңінде Бельгияның «Андерлехт» ұжымынан ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Турнир аясындағы алғашқы кездесу Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ойын барысында Яакко Оксанен өз қақпасына гол соғып алса, кейіннен Лукаш Амброс пен Даниил Сикан қарсыластар сапынан мергендігімен көзге түсті. Сонымен қатар алғашқы таймның соңында «Қайрат» қорғаушысы Александр Широбоков алаңнан қуылып, алаң иелері матчты бір ойыншыға кем құрамда жалғастыруға мәжбүр болды.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 27 тамыз күні Брюссельде өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша басым түскен клуб Еyропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, ұтылған ұжым Конференция лигасының жалпы кезеңінде бағын сынайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар