Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

3 пышақ жарақаты, 26 соққы, бас сүйегі сынық, бүйрегі зақымданған: Сарбаз туралы тың дерек шықты

17:36, 11 маусым 2024 1436

Қайтыс болған сарбаз Алмас Шахимовтың өлімінің оқыстан орын алғанына сенбей, ата-анасы эксгумация жасауға шешім қабылдаған. Нәтиже белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Алты ай өткен соң, нәтижелері белгілі болды: оның денесінде көптеген жарақаттар мен тұншықтырған іздер табылды.

Алмас Шахимов Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде қызмет етті. 2022 жылдың тамызында шақырылғаннан кейін екі ай өткен соң, ата-анасына оның өлімі туралы хабар келді. Өлім оқыстан болған деп түсіндірген.

Эксгумация нәтижелері ата-анасының күдігін растады: денесінде пышақ жарақаты, тұншықтыру іздері және көптеген көгерген жерлер анықталды. Анасының айтуынша, офицер оның атына несие рәсімдеген.

“27 мамыр күні алып кетті, 30-ы бірден оның атына несие рәсімделген”,- деді анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар