Атырауда азаматтық некедегі әйелін үш жасар бүлдіршіннің көзінше өлтіріп, оның денесін бір тәулік бойы қалдырып қашып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес, оқиға тұрмыстық жанжал кезінде орын алған. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұммен бірге тұрған 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері аталған фактіге байланысты «Адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр және тергеу амалдары одан әрі жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.