Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қазақстанға туристік реалити-шоу түсірілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметі айтты.
Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді.
Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы реалити-тур шоу түсіру орны ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.
Айта кетейік, Netflix - кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші ағынды платформа.
Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.
Сондықтан Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ.
Жобаның жүзеге асуы Алматы туристік бюросының командасы мен Қырғызстанның продюсерлік компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде болады.