2,5 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікті Вьетнамнан елге жеткізілді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ол Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығында» мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдіккке ілінді.
"Тергеу мәліметеріне сәйкес, күдікті орталық директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы екі серіктестікпен сөз байласып, жабдықтардың құнын үш есеге дейін негізсіз көтеріп, бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сот үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2025 жылғы наурызда ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланып, сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Биылғы жылдың басында ол Вьетнамда ұсталып, елге жеткізілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.