Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

24 жастағы жас ана дүниеге үш ер бала алып келді

09:13, 21 мамыр 2024 1460
Шымкенттің 24 жастағы келіншек үш ұл баланы дүниеге әкелді.

Айгүл Бақытжанқызы аман-есен босанып, үшем дүниеге әкелді. Жас ана жүктіліктің 31-ші аптасында босанды. 

Өмірге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімді үш торсықтай ер бала келді.  

Нәрестелердің бірінің салмағы — 1580 грамм болса, екіншісі — 1640 грамм боп дүниеге келді. 

Ал үшінші сәбидің салмағы — 1610 грамм. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлер үшемді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстағанын, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға ауыстырғанын айтты.

Салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәбилер мен жас ананы бүгін перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйіне шығарып салды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар