Үндістан Сыртқы істер министрлігі мен үкіметтік органдардың хабарлауынша, ең кемінде 200-ден астам үндістандық азамат Ресей тарапынан тартылып, Украинадағы соғысқа қатысқан, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Азаттық дерегіне сүйеніп.
Бұл туралы BBC мәлімдеген. 19 азамат мемлекетаралық келіссөздер нәтижесінде Ресейден шығарылған немесе ерте босатылған. 26-дан аса үндістандық сол қарулы қақтығыста қаза тапқан. Қазірге дейін тағы 7 адам із-түзсіз жоғалған. Үкімет Ресеймен келіссөздер жүргізіп, шамамен 50-ге жуық азаматтың тезірек елге оралуына күш салуда.
Кремль бұл адамдарды тек «халықаралық ерікті ретінде» тартылғанын мәлімдегенымен, шынайы жағдай кейбіреулердің жалған уәделерімен, жоғары жалақы мен қызметтік мәртебе уәдесімен Ресей аумағына жеткізіліп, кейін әскери келісімшарттарға таңылғанын көрсетеді.
Мұндай оқиғалар үндістандықтардың отбасы мүшелері мен құқық қорғаушылар тарапынан да сынға ұшырап, үкіметке қарсы дипломатиялық қысым жасалды. Мәжбүрлі түрде немесе адастыру арқылы соғысқа тартылғандардың тағдыры мен қайтыс болғандары жөнінде ДНҚ сәйкестендіру жұмыстары да жүргізілуде.
Сарапшылар Ресейдің соғысқа әскер тарту әрекетін тек Үндістанмен ғана шектелмейтінін айтады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Ресей әскери күштерін толықтыру мақсатында Орталық Азия елдерінен бөлек басқа да мемлекеттердің азаматтарын тартқан.
Мәселен, олар Куба, Сирия, Иордания, Иран, Непал, Кения, Солтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Қытай елдерінен соғысқа әскер тартқан.