Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

20 қыркүйекке дейін өтінім тастап үлгеріңіз: 70 мың теңге жәрдемақы расымен беріле ме?

12:11, 17 қыркүйек 2024 2383

Әлеуметтік желіде қазақстандықтарға әлеуметтік қордан қаржы төленетіні туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

1949 жылдан 2010 жылға дейін туған адамдарға 70 мың теңгеден өтемақы аударылады екен. Ол үшін сілтеме арқылы өтіп, 20 қыркүйекке дейін өтінім беру керек. Бұл жалған.

Қазақстанда әлеуметтік қор деген жоқ. Төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаумен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Ведомствоның ресми порталында алаяқтар атап көрсеткен белгілі бір уақыт аралығында туғандарға төленетін 70 мың теңге мөлшеріндегі төлем туралы ақпарат жоқ.

Жарнама сенімдірек болуы үшін алаяқтар жалған видеода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған. Мемлекет басшысының ресми порталында жаңа төлем туралы жарлықтар жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар