9 миллион 750 мың теңге – дәл осындай қаражатқа Солтүстік Қазақстан облысының халық шығармашылығы орталығы ұзақтығы екі минуттан 60 минутқа дейінгі бейнероликтерге тапсырыс беруге ниет білдіріп отыр. Олар ауыл өмірі, ұрпақтар сабақтастығы, «Солтүстік Қазақстан облысындағы өмірге конституциялық өзгерістердің әсері» туралы болмақ дейді портал мәліметі.
Лот сайтқа жарияланған, 22 маусымға дейін өтініш қабылдайды.