Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесті

07:19, 10 қаңтар 2023 179
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуде бірқатар мәселелер талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.



Алматы ауданының тұрғындарымен кездестім. «Ашық микрофон» форматында ниет білдірген жандар сұрақтарын қойды. Кездесу 3 сағаттан аса уақытқа созылды. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады. Оның ішінде қаланың өзге де аудандарының, елді мекендердің тұрғындарымен кездесеміз.

Аудан тұрғындары әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, абаттандыру, жылы аялдамалар, бейнебақылау камераларын орнату, жаңа маршруттарды іске қосу, интернет, инфрақұрылым нысандары және т.б. мәселелерді көтерді.

Осы орайда негізгі мәселелерге тоқталып өтейін. Қалада сумен, жылумен, электрмен қосымша жабдықтау қажеттілігі бар. Келесі жылыту маусымы басталғанға дейін ЖЭО-3, екі газ жылу станциясының құрылысын аяқтауды тапсырдым. Бұл нысандар жылумен жабдықтау көлемін едәуір арттыруға, сол сияқты құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл ауыз су станциясын (ССС-3) толық қуатта іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл су беру мәселесін де шешеді. Дегенмен бірнеше жылдан кейін бұл да жеткіліксіз болады. Сол себепті қаланың бас жоспарының жобасына елорданың тіршілігін дұрыс қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар нысанның құрылысын енгіземіз.

Кездесуде тұрғындар №15 қалалық емхана мен №13 мектеп (Промышленный елді мекені) бойынша мәселелер көтерді. Емхана бойынша – биыл жобалау жұмысын бастаймыз, содан кейін құрылысына кірісеміз. Мектеп бойынша – биыл жаңа ғимараттың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.

Сол сияқты көктем мезгілінің келуімен аудандарды абаттандыру, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу және т.б. бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысын қолға алдық, тұрғындар олардың орындалу барысы туралы білетін болады», — деп жазды елорда әкімі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар