Соңғы жылдары мопед пен электрлі самакаттың кесірінен қаза тапқандар саны артты. Жалпы 1 636 адам жарақат алды (оның ішінде 631-і — бала), ал 112 адам, оның ішінде 23 бала қаза болды, деп жазады Alash.KZ.
Бір атап өтерлігі, 5 сәуірден бастап заңнамалық өзгерістер күшіне еніп, мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілді.
Бұдан былай мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін мойнына алады.