Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«16 жылдан кейін…»: Испания құрамасы Әлем чемпионы атанды!

03:13, 20 шілде 2026

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының шешуші финалдық кездесуінде Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинадан басым түсіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

АҚШ-тың Нью-Йорк агломерациясындағы Ист-Ратерфорд қаласының стадионында өткен бас матч 1:0 есебімен испаниялықтардың жеңісімен аяқталды. Ойынның негізгі уақытында қос команда да есеп аша алған жоқ. Матчтың 90+3-минутында аргентиналық Э. Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан жағынан басымдыққа ие болған «қызыл фурия» қосымша уақытта ширақ қимылдап, кездесу тағдырын шешті. Ойынның 106-минутында Ф. Торрес соққан жалғыз гол Испания құрамасына бас кубокты сыйлады.

Ал осы біріншіліктің қола жүлдесі үшін өткен бәсекеде Англия құрамасы Франциядан 6:4 есебімен басым түсіп, 3-орынды иеленді. Осылайша, Аргентина құрамасы күміс жүлдені місе тұтса, Франция құрамасы жарысты 4-орынмен қорытындылады.

Айта кетейік, Испания құрамасы осыған дейін 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет жеңіске жеткен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар