Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"12 метр тереңдіктегі су толы құдыққа құлап кеткен". Түркістан қаласында құдыққа түсіп кеткен әйел жайлы хабар шықты

16:00, 09 мамыр 2026

Түркістан қаласында 12 метр тереңдіктегі су толы құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні Юсупов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. 1976 жылы туған әйел адам белгісіз жағдайда терең құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы жабдықтардың көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде зардап шегуші 12 метр тереңдіктен аман-есен шығарылып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай тереңдік шамамен төрт қабатты үйдің биіктігімен тең келеді, сондықтан құтқару жұмыстары күрделі болған.

Қазіргі таңда әйел адам дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар