Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"10 күн бұрын суға кеткен": Балқаш көлінен балықшының өлі денесі табылды

09:59, 07 қазан 2026

Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде балық аулауға шығып, суға батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы жағдай 26 қыркүйек күні Ақтоғай ауданына қарасты Тасарал елді мекенінен 20 шақырымдай қашықтықта орын алған. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 1970 жылы туған тұрғынның қайғылы қазаға ұшырағаны туралы ақпарат түсе салысымен бірден іздеу-құтқару шараларына кірісті.

Бірнеше күн бойы күндізгі уақытта жүргізілген іздеу жұмыстарына арнайы сүңгуірлік жабдықтар мен қашықтан басқарылатын суасты робот-аппараты тартылды.

Нәтижесінде құтқарушылар ауыл тұрғындарының көмегімен марқұмның денесін жағалаудан 2,5 шақырым қашықтықтағы 4-5 метр тереңдіктен тауып, су бетіне шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар