Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1 013 бас мал өлген. Су тасқынынан қырылған малға өтемақы қалай төленеді?

09:36, 08 сәуір 2024 523

Еліміздің су басқан аймақтарында 1 013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлекселері өртеліп, жойылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин мәлім етті.

"Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облысында 10 мың бастан жоғары, БҚО-да 4,5 мың бас және Қарағанды облысында 1,5 мың бас мал мен үй жануарлары құтқарылды. Жедел ақпаратқа сәйкес, су тасқыны салдарынан республиканың 7 өңірінде 5 711 бас мал өлді, оның ішінде 1 137 ірі қара және 4 051 ұсақ мал бар", – деді ол.

Бүгінде шығын болған мал (үй жануарлары) өлікселерін жинау және жою жұмыстары жалғасып жатыр.

"Ол үшін 90 бірлік техника мен қызметкерлер штаты және өлекселерді жою шаралары үшін қажетті дизенфекциялық заттар қарастырылған. Бүгінгі таңда 1 013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлексесі өртеліп, жойылды", – дейді ресми өкіл.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі, вице-министрлер және ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аймақтарды аралап жүр.

"Мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі. Жалпы, су тасқынының алдын алу және жою мәселелері, сондай-ақ өңірлердегі эпизоотиялық жағдай министрліктің тұрақты бақылауында", – деді Олжас Тлебалдин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар