Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балалар да бар": Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандар туралы тың дерек шықты

16:27, 23 қазан 2025 390

Жол апатынан көз жұмған 12 адамның ішінде бірі 3, екіншісі 16 жастағы екі бала бар. Тағы бір жасөспірім Хромтау аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Ал апаттың себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Олар тез арада жұмысын бастап, зардап шеккендер мен олардың отбасына көмек көрсету шараларын қабылдауы керек.

Жол апатына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар