Олар іш өтуіне, дене қызуының көтерілгеніне және әлсіздікке шағымданған, деп жазды Alash.KZ сайты «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.
Науқастарға инфекционист дәрігерлерден, терапевтер мен педиатрлардан құралған санитарлық борт жіберілді.
«Зардап шеккендердің арасында жеті бала мен бір жүкті әйел бар. Ол облысқа жіберілді, барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева.
Науқастар мұны кафедегі мерекелік тойда жеген тағамдармен байланыстырып отыр. Кафе уақытша жабылып, санэпидемиологтар тексеру бастады.