Отандық кино өнерінің танымал өкілі, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ішкі жан дүниесіндегі өзгерістері мен түйген ойлары туралы оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Соңғы уақытта өмірлік түрлі жағдайларды жүрегінен өткізіп, көп нәрсеге басқаша қарай бастағанын жеткізген өнер иесі бұрын айналасындағылардың бәріне алаңдап, өзін өзгелерге түсінікті етуге тырысқанын атап өтті. Бүгінде жаңа кезеңге қадам басқан актриса кез келген өзгерісті қабылдауға дайын екенін айтып, төл сөзінде былай деп жазды:
«Дариға неге өзгерді? Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын... Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық!», — деп ағынан жарылды.