Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай қызыққан Қазақстанның вольфрам кен орындарына Трамп көз тікті

12:46, 23 қазан 2025 473

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Қазақстанның Қарағанды облысындағы вольфрам кен орындарына қол жеткізу мүмкіндігін талқылап жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Ресми мәліметке сай, әңгіме Cove Kaz Capital компаниясының жобасы туралы болып отыр. Бұл кен орындарынан алынатын вольфрам АҚШ Қорғаныс министрлігіне қажет оқ-дәрі, снаряд және өзге де әскери техника жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жобаны қаржыландыруды АҚШ Сауда министрлігі мен бірнеше ірі инвестициялық қорлар қолға алмақ. Агенттіктің дерегінше, Қарағанды өңірінде ұзақ мерзімді өндіріске лайық екі ірі кен орны қарастырылып жатыр.

Алайда бұл бағыттағы бәсекелестік те жоғары — дәл осы кен орындарына Қытай да қызығушылық білдіріп, мемлекеттік компаниялардың бірі нарықтық бағадан жоғары ұсыныс жасауға дайын екені айтылған.

Bloomberg сарапшыларының пікірінше, Қазақстан осылайша АҚШ пен Қытай арасындағы геоэкономикалық тартыстың жаңа орталығына айналып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар