Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қай жерде тұрмыз – сол жерден тоқтап, келіссөзді бастайық": Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

21:10, 22 қазан 2025 467

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысын оң бағалады, деп хабарлайды Alash.kz.

Зеленскийдің айтуынша, Трамп майдан шебінде әскери іс-қимылды қазіргі тұрған шептерде тоқтатып, келіссөздер бастауға шақырған.

"Ол "қазір қай жерде тұрмыз – сол жерден тоқтап, келіссөз бастайық” деді. Менің ойымша, бұл жаман емес, белгілі бір дәрежеде келісімнің нақ белгісі. Бірақ мен оған Путин мұндай ұсынысты қолдайтынына сенімді емеспін дедім", – деді Зеленский.

Бұған дейін Мәскеу Запорожье мен Херсон облыстарын да өз бақылауына алуды көздейтінін жариялаған болатын. Ал Украина билігі бұл өңірлерді өз елінің бөлінбес бөлігі деп санап, кез келген аумақтық беріс шарттарын қатаң түрде қабылдамайтынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар